Павлодар педагогикалық институтының кітапхана қызметкерлері мектеп-интернатта «Оқу - сыйлық» акциясын өткізді

ПАВЛОДАР. 26 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханақызметкерлері облыстық мектеп-интернатында «Оқу - сыйлық» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.Кітапханашы және қоғамдық балалар құқықтарын қорғаушы Наталья Колодина балаларға кітаптар мен оқудың адам өміріндегі мәні туралы әңгімелеп беріп, павлодарлық жазушы Сергей Горбуновтың шығармашылығымен таныстырды.

«Оның кітаптары «қарапайым адамдар» өмірлеріндегі ерекше мәселелерге арналған. Әрбір әңгімесі шынайылық, жақсы мен жаманның табиғаты, адамның жан-дүниесі туралы бақылаулар мен терең толғанулармен ерекшеленеді. С.Горбунов біздің уақытымызда күнделікті тұрмыстағы оқиғаларды қарапайым түрде және іздеулерсіз баяндау қабілетіне ие, және сол арқылы оқырманға түйін жасау мүмкіндік береді», - деп атап өтті Н.Колодина.

Бірлесіп оқудан кейін балалар жазушы әңгімелеріндегі бас кейіпкерлердің әрекеттерін талқылап, әсерлерімен бөлісті. Кездесуден естелік ретінде ПМПИ-нан келген қонақтар мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе