Қорғаныс министрлігі оқу орындарының ақылы қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді

– Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіліп, ведомствоға қарасты оқу орындарының ақылы қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы «Əскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді. Жаңа редакцияда кадрларды және орта буын мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру тізбесіне жеке және заңды тұлғалар енгізілді. Қызмет көрсету тізіміне ақылы негізде геральдикалық, кәдесый қызметтері мен атрибутика қосылған. Полигондарды беруден түсетін қаражатты жұмсау үшін полигондарға арналған шығыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу енгізілді. Сондай-ақ бұйрыққа енгізілген өзгерістерде ақылы негізде ғылыми-эксперименталдық, оқу-материалдық, спорт базаларын, кітапханаларды 50, 200, 400 орынға арналған түскі ас залын, 20 орынға арналған VIP-залын, сондай-ақ конференция мен брифинг залдарын, Ұлттық қорғаныс университетінің акт залдары мен аудиторияларын олардың функционалдық мақсаты бойынша ұсыну көзделеді. Тағы бірнеше тармақ нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді ескере отырып, бұйрықтың жаңа редакциясында баяндалған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе