Атырау облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі алдағы жылы шешіледі

Биыл үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Ал апатты жағдайдағы мектептер мәселесі алдағы жылы шешімін таппақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.

 «Облыста жүз мыңға жуық бала мектепке барып жүр. Соңғы екі жылдың ішінде 2 886 орындық 8 мектеп іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы үш мектеп пайдалануға берілмек. Келесі жылы 13 мектептің құрылысы қарастырылып отыр», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа мектептердің салынуына байланысты биыл үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді.

«Облыста апатты жағдайдағы 11 мектеп болған. Осы мәселені шешу бағытында жаңа оқу жылына дейін 3 мектеп тапсырылды, 2 мектептің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Ал қалған 6 мектеп алдағы жылы пайдалануға беріледі», - деді Б. Ізмұхамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе