СҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 300 орындық мектеп салынып жатыр

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына барған жұмыс сапары кезінде 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.«Аудан орталығы Тайыншада «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 300 орынға шақталған мектеп салынып жатыр. Жобаны жүзеге асыруға 900 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Екі қабатты ғимараттың кабинеттері мен дәліздері кең болады. Мектеп қолданысқа берілген соң ауданда үш ауысымды оқыту мәселесі шешіледі.  Оқу ордасының іргетасы қаланды, енді қабырғасы тұрғызылып, қазандықтарға арналған іргетасын салынып жатыр», - делінген хабарламада.

Мердігер ұйым «Основание» ЖШС басшысы Сергей Тимофеев қыркүйектің соңына дейін шатыры тұрғызылып, жылдың соңына дейін кәріздік желілер тартылатынын айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе