Биылғы бар күш-жігеріміз Елбасы Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс - Бақытжан Жұмағұлов

АСТАНА. 16 Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жүмағұловтың Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарында болды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР БҒМ басшысы ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында облыс активтерімен кездесу өткізіп, аймақтағы білім ошақтарында болып қайтты.

Аймақтағы жұмысты министр облыс активтерімен кездесуден бастады. Алдымен ол облыстық орыс драма теартында ұйымдастырылған инновациялық жобалар көрмесін қарап шықты. Бірінші бөлімде жаңа интерактивті жабдық және 3D оқыту бағдарламалары мен химия, физика, биология кешендері, колледж дәнекерлеушілеріне арналған тренажер сияқты құралдармен танысып шықты. Екінші бөлімде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унивенрситетінің студенттері дайындаған және патенттелінген инновациялық жобалар болды. Бұл жобалар отандық өнімдердің сапасын арттыру мен экспорт тауарларын алмастыруға, экологиялық таза фитопрепараттарды өндіруге, оқу процесін автоматтандыруға арналған аймақтық орталықтар құруға негізделген. Сондай-ақ, колледждер де аса қызықты жобалар ұсынды, мәселен, тілдерді дамытуға арналған «Лингва» интерактивті комплексі, емдеу практикасында әуенді терапияны қолдану әдістері көрсетілді.

Облыс активтерімен кездесуде министр Елбасы Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуын жаңғыртудың негізгі он бағытына кеңінен тоқталды.  Министр кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде экономикалық дағдарыстың және дағдарыстың  екінші толқыны әсерінен әлеуметтік бағдарламалар бойынша бөлінетін қаржы қысқаруда екенін, осындай  күрделі кезеңде Елбасымыз әлеуметтік даму бағдарламасын ұсынып отырғанын,  бұл - Елбасымыздың адам капиталын дамытуға деген қамқорлығының куәсі екендігін атап өтті.

Осы жылы бар күш-жігеріміздің Жолдауда  айтылған  негізгі міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалуы тиіс екендігін баса айтты министр. Бұл -  оқыту процесіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін құру, жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей  білім алуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту туралы  Ұлттық іс-қимыл жоспарын енгізу ісін қолға алу біршама күш-жігер талап ететіні сөзсіз.

Инновациялық жүйені жаңа сатыға шығару мен отандық ғылымның сапасын арттыруды шараларына тоқталған ҚР БҒМ басшысы Елбасының қолдауымен ғылым саласын қаржыландырудың жаңа моделі қалыптырстырылғанын  атап айтты. 

Екі сағатқа созылған кездесуді аяқтаған министр білім ошақтарына бет алды.

Бірінші нысан Петропавл қаласындағы 1100 орынға арналған мектеп болдаы. Ол 2007 жылы ашылған. Мектептің жанынан 50 орынға арналған шағын орталық ашылған. Министр тарих музейіне де кіріп шықты. Содан кейін 7 сыныптағы ағылшын тілінде жүргізілетін математика сабағына қатысты. Бұл - үштілділік негізінде құрылған экспериментальді сынып. Министр мектепке лингафонды мультимедиалық кабинетті тарту етті.

 Осында ҚР БҒМ басшысы мектептің Қамқорлық кеңесімен кездесу өткізді. Қамқоршылардың жұмысының нәтижесінде олар Петропавл ауыр машина жасау зауытымен және қалалық мәслихатпен меморандумға қол қойған. Зауыт кәсіптік бейінді жұмысқа асқан қызығушылық танытып отыр.

Министр кездесу соңында мектептегі дарынды балалармен әңгімелесті. Мектептегі ғылыми қауымдастықтың мүшелері министрді он-лайн отырысқа қатысуға шақырды. Оқушылар облыстағы 83 мектеппен өздерінің ғылыми жобаларын талқылады. Аталмыш мектептің 9 оқушысы республикалық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары екендіктерін атап өту қажет.

Министрдің келесі барған жері ҚР БҒМ жанындағы «Қызылжар оранжереясы» болды. Бұл - еліміздегі ең бай өсімдіктер жиналған байырғы ботаникалық оранжерея болып табылады. Мұнда оқушылардың экологиялық тәрбиесіне үлкен мән беріледі. Сондай-ақ, мұнда ҚР еңбегі сіңген агрономы Равиль Ризапов жетекшілік ететін экологиялық «Кристалл» атты үйірме жұмыс істейді.

Қызылжар ауданы  Новоникольск ауылына бару сапарында министр мектеп бітіруші түлектер рольдік  ойындар арқылы жүргізген ҰБТ-ға психологиялық дайындық-тренингіне қатысты. Министр оқушыларға өз тілегін білдірді. Бастысы, өз күшіңе сеніп, қорқынышқа бой алдырмау екенін айтты. Сонымен қатар, ол мультимедиалық кабинет пен биология сыныптарын көріп шықты. Ауыл мектебіне көмек ретінде министр интерактивті тақта сыйға тартты.

Министрдің жұмыс сапары аймақтағы ең үздік мектеп директорларымен кездесумен аяқталды. Мектеп басшыларымен әңгімелесу барысында Министр мұғалімдердің бүгінгі таңдағы жай-күйімен, олардың тыныс тіршілігімен таныс болды. Сонымен қатар, ол ьбүгінде мұғалім мәртебесін арттыруға арналған жұмыс бағыттарымен таныстырды. «Кез келген заманда мұғалім есімі - ұлы есім. Біз оған өзіміздің ең қымбат асылымыз - балаларымызды сеніп тапсырамыз» деді министр. Әріптестерімен қоштаса отырып, Министр барлығын Наурыз мейрамын Астана қаласында қарсы алуға шақырып, Елордаға жолдамалар тапсырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе