Алматыда «Ғылым ордасында» Франция Президенті Франсуа Олланд дәріс оқыды

Бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында Франция Президенті Франсуа Олланд дәріс оқыды.Аталмыш шараға Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы Консулдығының және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, сонымен қатар, қаладағы жоғары оқу орындарының басшылығы мен ғалымдар,  студенттер, журналистер қатысуда.

«Кезінде 19-ғасырдың соңында, Алатаудың бөктеріне француз  саяхатшысы, сәулетші Поль Гурдэ келген болатын. Ол бұл жерде бірқатар көрікті ғимараттар салды. Ол ғимараттардың бірқатары әлі күнге дейін сақталған. Ал бүгінгі таңда біз Қазақстанда құрылыс саласына ғана емес, сонымен қатар ғылымның дамуына да инвестиция жұмсауымыз керек. Бұл - біз үшін басымды бағыт. Біздің мақсатымыз «Болашақ» бағдарламасына қосылып, қазақстандық студенттерді көптеп қабылдау. Бүгінде Франция жылына Қазақстаннан 400 студент қабылдайды. Енді болашақта Францияда бұдан да көп студенттер білім алатын болады. Бұл екі ел арасында көптеп студенттер алмасуға және болашақта ғылым саласында берік қарым-қатынас орнатуға  мүмкіндік береді»,  - деді өз сөзінде Франсуа Олланд.

Айта кетелік, Франция Президенті Франсуа Олланд ресми сапармен Қазақстанға  бірінші рет келіп отыр. Кеше Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев пен Франция Президенті арасында жоғары дәрежеде кездесу өткен болатын. Онда  Қазақстан мен Франция арасында сауда-экономика, инвестиция, мұнай-газ, ғарыш, машина жасау және білім саласында стратегиялық әріптестік аясында ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе