СҚО балабақшалары қалыпты жұмысын жалғастыруда

– Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім берумен 20 мың бала қамтылған. Бүгінде олардың 5 мыңнан астамы ғана балабақшаларға күнделікті барып жүр, деп тілшісі.

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, өңірдегі балабақшалар мен шағын орталықтар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда ата-аналар балаларын өз қалауына қарай әкеле алады. Балабақшалардағы орындары сақталып қалмақ. Мамандардың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратын бүлдіршіндердің саны бүгінде азайған. Дүйсенбі күні 8 мыңнан астам бала келсе, бүгін ата-аналар тек 5 427 бүлдіршінді әкелген. Бұл - барлық келуі тиіс баланың 27,5% ғана. «Балабақшаларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жұқпалы инфекцияның алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Міндетті түрде таңертеңгілік фильтр жүргізіледі. Бөлмелерді кварцтеп, ылғалды жуып-жию санын арттырдық. Барлық мекемелер дезинфекциялық құрал-жабдықпен толық қамтылды», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Райымбекова. Бүгінде облыста 20 мыңға жуық балаға арналған 489 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе