Нұрсұлтан Назарбаев «Білім» жаңа телеарнасын іске қосты

АСТАНА. 5 Бүгін Астанада, Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Білім» жаңа телеарнасын іске қосты.«Білім» телеарнасы Мемлекет басшысының Қазақстанда білім берудің сапасын арттыру мен ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес қолға алынды. Телеарна халықтың білім деңгейін көтеруді, жастарға үлгі-өнеге  танытуды, кәсіби біліктілігін арттыруды, ұстаздарға әдістемелік кемек көрсетуді, мемлекеттік тілдің дамуын жеделдетуді мақсат тұтады. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Алғашқы кезде «Білім» телеарнасы ұлттық жерсеріктік «Отау ТВ» және сандық эфирлік телехабар тарату желілері арқылы тарайды. Кейіннен ол кабельдік желілер арқылы да тарайтын болады.

Айта кетейік, бүгін Астанада, Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интерактивтік дәрісі өтіп жатыр. Дәрістен кейін Президент интерактивтік режимде тыңдаушылардың сұрақтарына жауап қайтарады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе