Елбасы Жолдауында көз­делген міндеттердің орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайы­ның өсуіне септігін тигізеді - А. Елшиева

Елбасы Жолдауында көз­делген міндеттердің орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайы­ның өсуіне септігін тигізеді, деп есептейді Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Альбина Елшиева.«Мемлекет басшысы Н.Назар­баев  «Нұрлы жол - болашаққа бас­тар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында білім саласына қатысты үш түйткілге ерекше тоқталды. Оның бірі апатты және үш ауысымда оқытылатын мектептердің жай-күйі болды.  Қазіргі таңда облыста 48 апатты деп танылған ғимараттың 32-сінде тиісті шаралар жүргізілуде. Оның сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылған. Алтауының құрылысын 2016 жылы қолға алу жоспарланған. Бұдан бөлек, үш ауысымда оқытылатын 21 мектептің төртеуінің құрылысы салынуда. Алтауының сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылды. Ал қалғаны кейінгі жылдың еншісіне қалдырылып отыр.

Облыста көпшілікті алаңдатқан осындай білім ұяларын үш жыл­дың көлемінде жою міндет­телген. Алайда, Елбасы Жол­дау­ында апатты және үш ауысым­да оқытылатын мектептердің құрылы­сына үшжылдық бюд­жетте қарастырылған қаржы бұл мә­селелерді 2017 жылға дейін шешуге жетпейтінін айтып, Үкіметке қазынадан қосымша 70 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл қадамы алдағы жос­парланған жұмыстардың белгі­ленген мерзім ішінде орындалатынына сенімімізді арттыра түсті.

Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын үш жылдың ішінде түбегейлі қысқарту үшін қазынадан қосымша 20 млрд. теңге қаралмақ. Елбасы осыншама қаржыны жай бөліп қана қойған жоқ. Оның тиісті мақсаттарға жұмсалуын және жұмыстың тыңғы­лықты атқарылуын жергі­лікті әкім­дер мен сала қызметкерлеріне нықтап тапсырды. Жасыратыны жоқ, өңірімізде қоғамның «бас ау­руына» айналған балабақша мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әрине, балабақшалар көп­теп ашылуда. Бұған Елбасы қол­дауымен жеке кәсіпкерлер де тартылған.

Алайда, өңірімізге орал­ман­дардың қоныс аударуы, бала туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты әлі күнге дейін сұранысты толық қамтамасыз ете алмаудамыз. Бұл мәселені шешуге қазынадан қосымша қаржы қаралатыны бізді қуантты. Алдағы уақытта Жол­дауда аталған бағыттар бойын­ша жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Елбасы Жолдауында көз­делген міндеттердің орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайы­ның өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе