Астанада Қазақстандағы ветеринарияның қазіргі жағдайы мен болашағы халықаралық деңгейде талқыланбақ

АСТАНА. 19 сәАстанада 20-21 сәуір күндері аралығында «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында отандық ғалымдар мен мамандар шетелдік әріптестерімен бірге ветеринария саласындағы мәселелерді талқылайтын болады.

Оның жұмысына алыс және жақын шет елдерден келетін қонақтар, сонымен қатар еліміздің барлық өңіріндегі жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ізденушілері мен магистранттары қатысады. Одан бөлек Ресей ауыл шаруашылық академиясының Сібір бөлімшесі МҰБ төрағасы, Ресей Федерациясы ғылымына еңбегі сіңген қызметкер академик, в.ғ.д., профессор А.С.Донченко, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазҒЗВИ» ЖШС-ның бас директоры, в.ғ.д., профессор А.А.Сұлтанов, Германияның  Ю.Либих атындағы Гиссен университетінің паразитология институтының академиялық директоры, в.ғ.д. Кристиан Бауэр, осы университеттегі жылқы аурулары бойынша клиника меңгерушісі, в.ғ.д., профессор Лутц Литцке, ҚР АШМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ» РҚК бас директоры, в.ғ.д., профессор А.Р.Сансызбай тағы басқалар бар.

Университеттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, конференцияға сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметовтың қатысуы күтілуде. Конференция жұмысы үш бағыт бойынша өтеді - «Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері», «Жұқпалы емес этиологиядағы ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың қазіргі заманғы басты бағыттары» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы».

Іс-шара 2012 жылғы 20-21 сәуір күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Астана қ., Жеңіс даңғылы 62) өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе