Кадрлық мәселелердегі білім институттарының әлеуетіне арналған жиын өтті

АСТАНА. 24 Бүгін «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Инфрақұрылымдық жобалармен басқару: кадрлық мәселелерді шешудегі білім беру институттарының әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі қоғамның қаржы және әлеуметтік мүддесіне сай мемлекет пен жеке бизнестің ара-қатынасының ажырамас элементі болып келеді. Қазақстанда енді ғана айналымға ене бастаған мемлекеттік-жеке әріптестік құралының келешегі қалай? Осы мәселе қоғамда өзектіге айналып барады», делінген баспасөз айғағында.

Осы ретте «Қазақстандық МЖӘ Орталығы» АҚ Экономикалық даму және сауда министрлігінің қолдауымен еліміздегі осы әріптестікті институционалды дамытуға бағытталған жұмыс жүргізіп келеді. Оның ішінде МЖӘ саласында теориялық және тәжірибелік білімі бар мамандар корпусын әзірлеуге жәрдем беруге баса назар аударылуда. Соған орай орталық Қазақстан өңірлерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік сызбасы бойынша инфрақұрылымды дамыту саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік секторлардың жобаларын іске асыратын қажетті білімге қол жеткізген мамандардың жетіспеушілігін алға тартады.

«Бұл ретте жоғары және орташа арнайы оқу орындары МЖӘ саласында кәсіби мамандар қатарын дамытудың елеулі үлесін күшейтуге болар еді. Қазақстанда ірі ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыру барысында бизнес пен мемлекет міндеттемелерін толық басқару үшін бірқатар жылдардан кейін қажеттілігі білінетін кадрлар жетіспеушілігіне «төтеп беруге» және оған жол бермеудің бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінде бакалавр бойынша төртінші курсқа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша курстық тәлім беру басталып кетті. МЖӘ Орталығы осы курстық сабақты әзірлеуге жәрдемдесті және қызығушылық танытатын барлық оқу орындарына осыған ұқсас курстарды әзірлеуге көмек қолын созуға дайын», - делінген баспасөз айғағында.  

Мемлекеттік орган өкілдері, мүдделі ұйымдар қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстел барысында осы мәселелер кеңірек талқыланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе