2016 жылы Ақмола облысында 7 мектеп пайдалануға беріледі

2016 жылы Ақмола облысында 7 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлім етті.Оның сөзіне қарағанда, өңірде мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту бюджет есебінен жүзеге асырылуымен қатар, мемлекеттік-жеке әріптестік аясында да жүргізілуде. 10 айда қосымша 1300 орын ашылды, жыл соңына дейін тағы 1280 орын ашылатын болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 91 пайызға дейін жеткізілді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта, сапалы білім беру үдерісін жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Облыста апатты және үш маусымды оқыту мектептері жоқ.

«Оқушы орнының тапшылығын төмендету мақсатында ағымдағы жылы 884 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. 2500 орындық 7 мектептің құрылысы жалғастырылуда, оларды пайдалануға беру 2016 жылға жоспарланды»,-  деді С.Кулагин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе