Назарбаев Университетінде Ресей Премьер-министріне оқу орнының логотипі бар бейсболка сыйға тартылды

АСТАНА. 30 Кеше Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Астанадағы Назарбаев Университетінде болды.Мәртебелі мейманның сапары университеттік кампус макетімен танысудан және ЖОО-ның оқу және ғылыми зертханаларын аралаудан басталды. Мәселен, робототехника зертханасында Д.Медведевтің назарына Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары бірлесіп жұмыс жасайтын роботтар ұсынылды және ондай құрылғыларды индустрияның қандай салаларында қолдануға болатындығы айтылды.

Бұдан басқа, Дмитрий Медведев университеттің медицина саласындағы ағымдағы ғылыми жұмыстарымен танысып өтті. Соңында қонақтар университет кітапханасына кіріп шықты. Д.Медведев Назарбаев Университетіндегі электрондық ақпараттық ресурстардың ауқымды топтамасы туралы көп естігендігін атап өтті. РФ Үкіметінің басшысы кітапханада студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Құрметті қонақтар кітапбына лебізін қалдырды.

«Nazarbayev University-дің барлық студенттері мен оқытушыларына оқу мен зерттеулерде табыстар тілеймін. Университетіңіз тамаша!» деп жазды ол.

Өз кезегінде университет студенттері қонаққа оқу орнының логотипі бар брендті бейсболка мен күртеше сыйлады, сондай-ақ ресейлік студенттермен спорт саласында ынтымақтасуды ұсынды. Назарбаев Университетінің атынан Д.Медведевке жас қазақстандық суретші Дастан Бисеновтың «Шиыршық» картинасы сыйға тартылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе