Қазақстан Ухан қаласынан 61 студентті елге қайтару үшін келіссөз жүргізуде

Қазақстан Ухан қаласында білім алып жатқан 61 қазақстандық студентті елге қайтару үшін Қытай тарапынан келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп тілшісі.

«Қазақстан Үкіметі Қытай Үкіметіне Уханнан 61 студентімізді елге алып келуге ниетті екендігін білдірді. Айта кетерлік жайт, Қытайға арнайы бортпен баратын дәрігерлеріміз қорғаныс костюмдармен және маскамен жабдықталады. Олар келгеннен кейін зарарсыздандырудан өтеді және студенттер 14 күнге карантиндік стационарға орналастырылады. Қазір Қытай тарапынан біздің ұшақтың ұшуына келісім күтіп отырмыз», - деді Жандарбек Бекшин. Еліміздің бас дәрігері қытайда жүрген студенттеріміз бен азаматтарымызды елге қайтаруымыз қажеттігін баса айтты. «Сондықтан шекараны жабу мүмкін емес»,- деді ол.Фото: russian.news.cn
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе