Тестілеу орталығы түлектер оқығысы келетін танымал бағыттарды атады

– Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік грантқа өтінім берген түлектер арасындағы ең танымал бағыттарды атады, деп тілшісі. «Әзірге білім беру

бағдарламалары арасында түлектердің басым көпшілігі ақпараттық технологияларға

өтінім берген. Әзірге 7 мыңға жуық абитуриент өтінім берді. Одан бөлек, үздік

бестікке «жалпы медицина», «Шет тілі оқытушыларын даярлау», «Дене тәрбиесі

оқытушылары», «Құрылыс» салалары енді», - деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығы

директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов орталықта өткен баспасөз турында.

Оның айтуынша, мемлекеттік

білім беру грантына өтінім беру 20 маусымда сағат 18:00-де аяқталады. Содан

кейін көшбасшы салалар бойынша нақты нәтиже белгілі болады. «Әдетте көбірек

сұранысқа ие болатын құқық, халықаралық құқық, кеден ісі мамандықтары биыл

14-орынға түсті.Бұл мамандықтарға биыл мыңнан астам адам ғана құжат тапсырды.

Әзірге 58 мыңға жуық адам мемлекеттік грантқа құжат тапсырды», - деді Дидар

Смағұлов.Айта кетейік, бұған

дейін Тестілеу орталығы журналистерге ҰБТ сұрақтарының қалай әзірленетінін

көрсеткен еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе