Шығыс Қазақстанда 5500 орындық 7 мектеп салынады

– Шығыс Қазақстан облысында биыл 7 мектеп бой көтермек, деп . «Өткен жылы өңірімізде 3 мектеп салынған болатын. 2020 жылы 5500 орындық 7 мектептің құрылысы жүргізіледі. Жаңа білім ордалары Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Абай ауданында салынады. Сондай-ақ биыл 4,5 млрд теңге бөлініп, 129 мектеп жөндеуден өтеді», - деді Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде. Оның айтуынша, облыстағы барлық 648 мектеп IT сыныптармен жабдықталған. Бұл - республика бойынша ең үздік көрсеткіш. «Алдағы үш жылдың ішінде 4 мың мұғалім біліктілігін арттырады. Жыл сайын үздік атанған ұстаздарға қосымша сыйақы беріліп отыр. Осының барлығы оқу сапасын жақсарту мақсатында іске асуда», - дейді аймақ басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе