Қазақша «Википедияны» айына 5 миллион адам қарайды

АЛМАТЫ. 21 Интернеттегі ашық энциклопедия - «Википедияның» қазақша нұсқасы сағатына 7 мың рет қаралады.Бұл туралы Алматыда өткен «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы  InternetCa-2012» ІІІ Орталық Азия форумында айтылды.

«Соңғы жылдары интернеттегі іздеу жүйелеріндегі контенттің саны қарқынды өсіп келе жатыр. Мәселен «Википедиядағы» қазақша мақалалардың саны 130 мыңға жуық. Ол айына  5 миллион рет қаралады. Оның қолданушылары 15 мыңнан асады», - дейді «Центр тяжести» форумының редакторы Жалғас Ертай.

Оның айтуынша, қазақ тілді интернетте тренд жоқ. Ал контенттегі  ең негізгі мәселе ұзақ мәтін болып отыр. Қазақ тілді интернет сайттар әлі бизнес ретінде қарастырылып жатқан жоқ.  Жалпы қазақ тіліндегі  интернеттің құрылымында ақпараттық сайттардың үлесі басым. Одан кейінгі орында  тақырыптық, сауықтық, танымдық,  діни сайттар мен  блогтар тобы  тұр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе