Байзақ ауданында «Бөрте» бөбекжай-балабақшасы ел игілігіне берілді

–   Жамбыл облысы Байзақ ауданында мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік «Бөрте» бөбекжай – балабақшасы ел игілігіне берілді, деп .

Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Жібек жолы ауылында орналасқан жаңа балабақшаның ашылуына  әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, өзінің ізгі тілегін білдірді. Нысан 100 орындық қос қабатты болып соғылған. Нұржан Молдиярұлы соңғы жылдары Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар нәтижесінде мемлекет пен жекешелік әріптестік аясында ауданда он алтыншы балабақшаның ашылып отырғанын, нәтижесінде ауданда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға қол жеткізілгенін айтты. «Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырғаны белгілі. Осыған орай, бүгінде мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде балабақшалар ашылуда. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға ден қоюда»,-деген аудан басшысы барша ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтап, жеке кәсіпкерге ризашылығын жеткізді. Тұрғындар атынан сөз алған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсен Жүзгенбаев болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталатынын алға тартып, жеке кәсіпкердің ауыл бүлдіршіндерін қолдаудағы қадамына сәттілік тіледі.
900
    Iздеу

    Күнтізбе