Мемлекеттік хатшы: Тарих пәні бойынша сапалы оқулық даярлау мәселесі күн тәртібінен түспей тұр

АСТАНА. 5   - Тарих пәні бойынша сапалы оқулық даярлау мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлімдеді.«Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз. Сондықтан да біз тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қатысты) барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеуге, сондай-ақ ол тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға тиіспіз. Ал, егер ондай мүмкіндік болмаса - олардың көшірмесін жасатып, болашақта зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуіміз керек», - деді Мемлекеттік хатшы сөз арасында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе