Қазақстанның Жоғарғы сотында судья лауазымының 25 пайыз орны бос тұр

– Қазақстанның Жоғарғы сотында судья лауазымының 25 пайыз орны бос тұр. Бұл туралы ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі Төлеш Қаудыров айтты, деп тілшісі.

«Біз Заңды (Қазақстанның судья кадрлар мәселелері жөніндегі заңнамасы) қабылдадық және оның нәтижесінде судьялар жүйесінің кадрлары жаңарып жатыр. Қазір бізде 134 бос орын бар. Тек Жоғарғы сот құрамының төрттен бірі жетіспейді. Себептері түсінікті. Ол – зейнеткерлікке және отставкаға шығу, судьялар өз еріктерімен кетуі. Көпшілігі судья кандидатурасына қойылған қатаң талаптарға шыдай алмайды. Жүктеме өте үлкен, жеке өмірге уақыт жоқ. Қазіргі уақытта заңгерлер үшін судья мамандылығының тартымдылығын көтеру міндеті тұр», - деді ол «Сот жүйесіндегі кадрлық саясаттың болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында. Оның атап өтуінше, 30 жасқа толған адамның ғана судья бола алатындығы жағдайды одан ары күрделендіріп отыр. «Мәселен, жас адам университет бітіргеннен кейін 30 жасына дейін қандай да бір компанияда немесе өзіне жұмыс істейді. Ол бұл уақытта қалыптасып үлгерген адам және оны судьялық жұмысқа тарту қиын. Ал ең басты міндет – ең үздігін тарту. Заңның күшіне енгеніне бір жыл толмаған аралықта біз бұл мақсатқа қол жеткізе ала қойған жоқпыз. Біз оны шешу жолындамыз», - деді Төлеш Қаудыров. Кеңес мүшесінің атап өтуінше, судьялар үшін білім де негіз құраушы сапа бола алмайды. «Өйткені, судья – бұл заңдық мансаптың ең жоғары нүктесі. Яғни, судья заңды біліктіліктің шыңы саналады. Ол ең қиын, ең маңызды және құрметті жұмыс саналады. Біз бұл жұмыста ең үздіктерді, жауапкершілігі жоғарыларды, ең адалдарды көргіміз келеді. Бұл жүйеге мемлекетіне, халқына қызмет етіп, сот әділдігін орнатқысы келгендер келеді. Бұл ретте білім бірінші орында емес. Дегенмен, ол да өте маңызды. Бірінші орында адами сапа тұруы тиіс. Себебі судья адамдармен жұмыс істейді», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе