Қазақстандық ЖОО басшылары Польшада болды

АСТАНА. Қазанның 30Жоғары білім және ғылым аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында, сондай-ақ «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылғы қазанның 23-і мен 30-ы аралығында құрамындаС.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, С.Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетінің, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басшылары бар қазақстандық делегация Польшада болды.

 Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация осы елдің бірқатар  жоғары оқу орындарында болды.

 Польша Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде және Мемлекеттік аккредитациялау комиссиясында сындарлы келіссөздер жүргізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе