Футболдан мектеп лигасында №48 мектеп жеңімпаз атанды

АСТАНА. 20 сәҚаланың  №48 мектеп лицейі Астана әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан Мектеп лигасында жеңімпаз атанып, Түркияның оқу-жаттықтыру орталығына жолдама алды. Бірінші орын үшін бәсекеде жеңімпаздар үш айналымға түсіп, 47 команданы артқа тастады. Сөйтіп, соңғы турда көш бастады,  деп хабарлайды astana.kz сайтына Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.

Екінші орынды № 25 орта мектеп иеленді. Үшінші орынды № 56 мектеп-лицей қанағат тұтты. Енді жүлдегер командалар мамыр айының басында өтетін «Былғары доп» республикалық турнирінде Астананың намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздар шамамен мамыр айының соңында жазғы каникулдары кезінде екі апталық жиынға Түркияға аттанады. Онда олар халықаралық футбол турниріне де қатысады. 

Жеңімпаз командадан бөлек түріктердің футбол орталығына өздерін үздік футболшы ретінде танытқан тағы да үш футболшы барады. № 28 орта мектептің өкілі  Петр Марченко үздік шабуылшы деп танылды. Ол турнир кезінде 38 рет қақпаға доп енгізді. Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Ернұр Тұрсынов  «Үздік қорғаушы» құрметті атағына ие болды. Ол өзінің шеберлігін енді Босфор жағалауында жетілдіретін болады. № 54 орта мектеп оқушысы Руслан Төленов турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды.

Жеңімпаз команданың жаттықтырушысы, №48 мектеп-лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  Батырхан Алпысбаев өзінің шәкірттерін мақтаныш тұтып, жарысты ұйымдастырушыларға алғыс сезімін білдірді.  

Балаларды «Астана-1964» командасының ойыншылары мектеп маусымының аяқталуымен құттықтап, негізгі кезеңінің барлық 20 командасына футбол доптарын сыйға тартты.

Еске салайық, Мектеп Лигасы биылғы жылы 10 қаңтарда басталды. Бірінші айналымға қаланың 48 мектебінен команда қатысты. Олар барлығы - 576 жас футболшылар. Барлық команда он кіші топқа бөлініп, өзара ойын өрнектерін көрсетті. Әр кезеңде екі үздік команда турнирдің негізгі командасына еніп отырды. Биылғы жылы Лига 1998-1999 жылдары туған жасөспірім футболшыларды біріктірді. Өткен жылы № 28 орта мектеп командасы жеңімпаз атанып еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе