Астанадағы Нобель академиясы өкілдігі қазақстандықтарға Ұлыбританияда тегін білім алуға жол ашады

Қазақстандық түлектер енді Ұлыбританияда тегін жоғары білім ала алады. Елордада Нобель академиясының өкілдігін ашудың арқасында еліміздің үздік оқушылары биыл Нобель академиясы бөліп отырған 5 грант үшін білім бәсекесіне түсе алады.Түлектер маусым айында A Levels бағдарламасы бойынша емтихан тапсыратын болады, деп хабарлайды astana.kz.- Қазақстан мемлекетінің Нобель отбасымен тарихи ынтымақтастығын ескере отырып, Астана қаласында академия ашуды жөн санадық. Мұндай өкілдіктерді Алматы, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында ашу жоспарланған. Орталықта үздік оқыған студенттер екі дипломға - Ұлыбритания мен Швейцария дипломдарына ие болады. Ең үздік оқығандары әлемнің кез-келген университетінде өз білімін жалғастыруға мүмкіндік алады, - дейді Nobel International Fraternity Academy төрағасы Филип Нобель.Бірінші кезекте, жаңа орталықта түлектер ағылшын тілін жетік меңгергендерін көрсетулері керек. Олардың ең үздіктері Ұлыбританияда тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жерде мектеп түлектерімен қатар дипломды мамандар да экономика, бизнес және заң салаларындағы мамандықтар бойынша білім ала алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе