ҰБТ-ның жауаптарын жария еткен ҰҚКД қызметкерлеріне қатысты сот кесімі күшінде қалды

АСТАНА. 31 Әскери соттың апелляциялық алқасы Қызылорда облысының Шиелі ауданында ҰБТ-ның жауаптарын жариялағаны үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлеріне қатысты сот үкімін өз күшінде қалдырды.Бұл туралы «Тебя посадят, а ты не болтай» атты мақаласында (31.05.2012 жылғы  № 96 (17454) «Экспресс К» газетінің журналисті Анжелика Громова жазады.

Өткен жылдың сәуірінде Жаңақорған ауданының мектебінде сынақ түрінде өткен ҰБТ-де дұрыс жауаптары белгіленген шпаргалкалар анықталды, ондағы жауаптар кілттермен жасырынған жауаптармен 90 пайызға сәйкес келді. Маусым айында қылмыстық іс қозғалды. Чекистер тест мәліметтерін ұрлау және 16,5 млн. теңге көлемінде зиян келтіргені үшін айыпталды. Шымкент гарнизонының әскери соты Қызылорда ҰҚКД-нің аудандық бөлімінің бұрынғы бастығын жалпы режімдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, сол бөлімнің бұрынғы өкілетті қызметкері төрт жылға сотталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе