Түркістанда әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген ұстаздар марапатталды

– Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген ұстаздарды марапаттады. Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен басқосуда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің, қалалық білім бөлімінің және білім бөліміне қарасты мектептердің қызметкерлері әкімнің алғыс хаттарына ие болды, деп тілшісі.

Кездесу аясында ұстаздар қала әкімінің бүгінде жасап жатқан еңбегі, қала дамуы үшін қосып жатқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі белсенділігіне, халықтың қамын ойлап, ыңғайлы әрі жайлы орта қалыптастырудағы бастамаларына зор ризашылықтарын білдірді. «Сіздердің бұл еңбектеріңіздің арқасында ақпараттық кеңістік, қоғамдық пікір қалыптасып, адами құндылықтар бұқараға жетеді. Нәтижесінде, халық қалада, аймақта, мемлекетте және әлемде болып жатқан оқиғалардан, саяси және экономикалық процестерден шынайы ақпарат алады. Қызметте еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін», – деді Рашид Аюпов. Басқосуда тек білім саласы ғана емес, алда атқарылатын жемісті жұмыстар жайлы кеңінен айтылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе