Бейжің мектебінің оқушылары Д.Назарбаева бастаған қазақстандық делегация алдында өз өнерлерін паш етті (ФОТО)

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева депутаттар делегациясының тобымен Бейжіңдегі №101 мектепке барды. Білім ордасының оқушылары меймандар алдында ән айтып, өз қолдарымен жасаған дәстүрлі маскаларын көрсетіп, каллиграфия жазу шеберліктерін паш етті.Оқушылардың өнеріне тәнті болған Д.Назарбаева көпшілік алдында өзінің қытай тіліне деген зор қызығушылығы бар екенін жеткізді.

«Мен қытай тілін өздігінен үйренуге арналған құрал сатып алдым, енді онымен жаттыға бастамақпын», - деді ол.Мектеп директоры Го Хань қонақтарға білім ордасының аудиториялары мен корпустарын аралатып көрсетті. Айта кетейік, бұл оқу орны 1946 жылы салынған және ол сол кездегі ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжоу Эньлайдың жарлығымен Бейжің және Цинхуа университеттерінің арасында орналасқан «Юаньминюань» («Анық нақтылық саябағы») саябағының аумағына көшірілген. Оның аумағы - 20 га, мұнда жасанды көл де бар. Қазіргі уақытта мектепте 3 мыңнан астам бала оқиды. Олардың оқу кешенінде сандық ғылыми-зерттеушілік, молекулалық және астрономиялық зертханалар, жалпы сыйымдылығы 600 адамды құрайтын 7 компьютерлік сынып пен метерологиялық станса т.с.с. қамтылған.Мектеп кампусы толықтай сымсыз ғаламтормен жабдықталған. Оның кітапханасында 130 мыңнан астам кітап қоры бар. Сондай-ақ мұнда аумағы 1500 шаршы метр болатын техникалық зертханалық учаске, 600 шаршы метрлік жылыжай, 100 адамдық музыкалық зал, стадион, волейбол, теннис ойнауға, шығыс жекпе-жектерімен айналысуға арналған спорт залдары, екі футбол алаңы, төрт теннис корды, алты волейбол алаңы қарастырылған. Әр бөлмесі 4 адамдық 4 жатақхана да осы мектептің оқушыларына арналған. Білім мекемесінің ұстаздарының басым бөлігі магистр және доктор ғылыми дәрежелеріне ие. Олардың кейбірі Қытайдың ең үздік педагогы атанғандар, ал мұндағы білім алушылар бірнеше рет мемлекеттік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары болған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе