Швейцария елшілігі «ЭКСПО» аясында мектеп оқушыларын Люцерндегі университетке шақырды

Республикалық физика-математика мектебінде «ЭКСПО әлемі -2017» тақырыбында шара өтті.  Оның ясында Швейцария елшілігінің өкілдері Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіндегі швейцариялық павильонмен таныстырды. Шеберлік сыныбын өткізуші Люцерн қаласының Қолданбалы Ғылымдар Университеті, деп .Елшілік қызметкері Тұрсын Бұқаеваның айтуынша, шара аясында Swissnex зертханаларында жүргізілетін тәжірибелер бойынша оқушыларға арналған танымдық ойындар да таныстырылды. «Бұл балалардың жаңартылатын энергияға қатысты ой-өрісін дамытады. Мәселен, Mission possible ойыны барысында оқушылар дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің арасындағы байланысты табуы тиіс. Ал «LEDSafari» әдісі бойынша оқушылар пайдаланылған пластик шөлмектен күн лампасын құрастыруы керек», - дейді Бұқаева. Елшілік қызметкерінің айтуынша, Swissnex Lab пен Люцерн қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінің өкілдері  республикалық физика-математика мектебінің оқушыларын 2017 жылдың 21 маусымында ЭКСПО-2017 көрмесінде Швейцария павильонында өтетін «Ақылды қалалардың тұрақты дамуы» атты шеберлік сыныбына қатысуға шақырды және павильонды тамашалауға 15-18 жас аралығындағы 20 оқушыға тегін билет ұсынды.Ал сынып оқытушысы Гүлжазира Ысқақованың сөзінше, бұндай тәрбие сағатының оқушыларға берері мол. «Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша үш тілде ЭКСПО тарихы туралы әңгімелеп берді. Жаңартылатын энергия көздері туралы өздері жасаған макеттерді таныстырды. Жалпы біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деуге болады. Үш тілді де жетік меңгерген оқушылардың қолданбалы ғылым саласына қызығушылығы артып отыр», дейді Гүлжазира Ысқақова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе