Мағжан Жұмабаевтың мерейтойы Анкарада аталып өтеді

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мерейтойды атап өтудің тұжырымдамасы дайындалған және 250-ден астам іс-шаралар реті жоспарланған.

Облыс әкімі мен ТҮРІКСОЙ арасындағы келісімге сәйкес, мерейтойлық шаралар, аталған халықаралық ұйымға кіретін барлық елде өтетін болады.

«Ақпанда ТҮРІКСОЙ туының астында «Мағжан Жұмабаев жылы» аясында Түркияның Кастамону және Анкара қалаларында мәдени іс-шаралар өтпек. Оған СҚО делегациясы қатысады»,-деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш.

Өңірде «Мағжан көктемі» атты төртінші республикалық фестиваль, ғылыми-практикалық конференция, республикалық Мағжан оқулары және басқа да шаралар өтпек. Мерейтойлық медальдар мен монеталар сондай-ақ ақынның шығармалар жинағын басып шығару жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе