Бішкекте ТМД-дағы педагогикалық кадрларды даярлаудың теориялық және тәжірибелік мәселелері талқылануда

БІШКЕК. 25 сәБүгін Қырғыз Республикасының астанасында «ТМД-дағы педагогикалық кадрларды даярлаудың теориясы және тәжірибесі» деп аталатын ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.Оны Қырғыз Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Педагогикалық кадрларды мақсатты даярлау институты ұйымдастырып отыр.

Институт директоры, педагогика ғылымының кандидаты Рахат Сүләйманованың айтуынша, конференцияның басты мақсаты - педагогикалық кадрларды мақсатты дайындауға байланысты көкейкесті мәселелерді талқылау, қалыптасқан күрделі жағдайда оны шешу жолдарын анықтау және өзара тәжірибе алмасу. Оған орта, орта-кәсіби және  жоғары оқу орындарының өкілдері,  жетекші ғалым-педагогтар мен педагогикалық қызмет саласындағы новатор-мамандар қатысуда.

Халықаралық конференцияға Қазақстанның Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан делегациялар тобы қатысуда.

Конференция жұмысы сегіз секция бойынша өтуде: орта-кәсіптік педагогикалық білім; Жоғары кәсіптік педагогикалық білім; Үздіксіз білім, қайта дайындау және біліктілікті арттыру; Педагогика және психология; Мемлекеттік, ресми және шет тілдерін оқыту әдістемесі; Табиғи-математикалық пәндерді оқыту әдістемесі; Гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық  пәндерді оқыту әдістемесі; Экологиялық білім.

Материалдары жинақ болып жарық көретін бұл алқалы жиында қазақ елінен келген делегацияның тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе