Түркістанда облыстық колледж оқытушылары арасында спорттық сайыс өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында колледж оқытушылары арасында спорттық сайыс өтті. Түркістан шаһарында ұйымдастырылған шара киелі мекендегі техникалық колледждің 80 жылдық мерейтойына арналды, деп тілшісі.Жарысқа облыстағы 17 колледж ұжымы қатысты. Күнделікті білім процесінен қолы босай бермейтін оқытушылар спорттық сайыстар бойынша бағын сынап, мықтылықтарын танытты. Екі күнге созылған жарыста білім беруші қызметкерлер спорттық ойындардың 6 түрінен сайысты.

Сала мамандарының сөзінше, салауатты өмір салтын студенттерге насихаттау - жай іс емес. Ол ұстаздардан үлкен жауапкершілікті, үлгі боларлық дағдыны талап етеді. Осылай деген оқытушылар бұл жарысты өткізудегі түпкі мақсат - облыстың педагог кадрларының өзара әріптестігі мен бірлігін нығайту деп біледі.

«Спорттық сайыс Елбасы мақаласындағы рухани жаңғыру ниетін орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мемлекеттің негізгі капиталы - ұлт және оның саулығы десек, Елбасы мақаласында бұл қағиданың өзіндің мәні бар. Осыны ескере отырып біз келесі кезекте өткізілетін іс-шараларды да рухани жаңғыру міндеттерімен сабақтастыра түспекпіз»,-дейді облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Ұласбек Лесбайұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе