Астанаға әлемнiң 24 елінен интерактивті және мультимедиалық технологиялар жеткізілді - көрме

АСТАНА. 14 Бүгін Астанада «Көрме» орталығында «WORLDDIDAC ASTANA 2012» атты білім беру және кәсіби даярлауға арналған технологиялар көрмесі ашылды.Мұнда әлемнiң 24 елінен интерактивті және мультимедиалық технологиялар қойылған.

 Көрме Халықаралық WORLDDIDAC қауымдастығының және ҚР Үкіметінің бастамасымен ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

 Көрмеге ақпараттық технологиялар саласы, оқу орындарын жабдықтандыруға арналған түрлі құралдарды өндіретін және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын ірі халықаралық компаниялар қатысуда. Сонымен қатар  еліміздің тауар өндірушілері мен оқу жабдықтарын тасымалдаушылары, Қазақстанның барлық оқу орындары, ТМД және Орталық Азия елдерінің білім ошақтары шақырылған.

 «Қазақстан бiлiм саласын өз дамуындағы негiзгi басымдылықтарының бiрi деп анықтайды. Соған орай бiздiң елде соңғы кезде бiлiм беру үдерісіне қазiргi және жаңа технологияларды енгiзуге үлкен ықылас пайда болды. Көрмеде бүкiл әлемге танымал ең үздік заманауи технологиялар қойылған. Бiз бұл көрме бiлiм секторы үшiн технологиялар жеткізетін компаниялар мен бiлiм саласындағы қызмет тұтынушыларына арналған үлкен сұхбат алаңына аналатындығына үміттенеміз», - дейді шараның ашылу салтанатында кіріспе сөз сөйлеген Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе