Түркістан облысындағы мектептер 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшеді

Түркістан облысындағы білім ұялары 6-сәуірден бастап толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді, деп Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуірдің 6-нан бастап, өңірдегі барлық оқушылар 4-ші тоқсан бойынша мектеп бағдарламасындағы сабақтарын өз үйлерінде онлайн режимде 2 ауысымда оқиды. Осы жаңаша жүйені тиісті деңгейде іске асыру үшін мамандар аталған салаға мониторинг жүргізіп, оқушылар мен оқытушылардың қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындығын пысықтады. Бүгінде қашықтықтан оқытуға арналған арнайы порталдар дайындалып, іске қосылып отыр. «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жүйелер балаларды білім нәрімен сусындатпақ. Әрбір оқушы сонда тіркеліп, тиісті үй тапсырмасын алып оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, еліміз бойынша оқушылар мектеп бағдарламасындағы пәндерді қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «Еларна» телеарнасынан да оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқу бағдарламасын қайталап оқуды республикалық телеарналардан бөлек жергілікті жердегі телеарналар да қосымша жүзеге асыратын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе