2020 жылы Маңғыстауда 160 студент жатақханамен қамтылады

2020 жылы Маңғыстауда 160 студент жатақханамен қамтылады. Бұл туралы МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді, деп тілшісі.

Бүгінгі таңда облыс колледжерінде оқитын студенттер саны 19 мың. Жатақхананы 1400 студент қажет етсе, олардың тек 600-і жатақханамен қамтылған. 2020 жылдың бюджетінде туризм және политехникалық колледжі жатақханаларының жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 160 студент жатақханамен қамтылады. Техникалық және кәсіптік білім беруде 2020 жылы «Жас маман» жобасы іске қосылады. Жоба аясында облыстың 5 колледжі (технологиялық сервис, политехникалық, туризм колледждері, Жаңаөзен жаңа технологиялар және Маңғыстау политехникалық колледжері) оқу процесіне қажетті құралдармен жабдықталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе