Ақмола оқушылары «Эко Болашақ» жобасына атсалыспақ

Ақмола облысында "Эко Болашақ" əлеуметтік-экономикалық жобасы қолға алынбақ, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Аталмыш жобаны ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап, 8 сәуірі аралығында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен  "Agripp Business Group" (Астана) компаниясы қолға алмақ. Бұл макулатура жинау бойынша жалпы республикалық акцияға еліміз бойынша 2 миллионға жуық  орта мектеп оқушыларын тарту жоспарланған. Акция "Эко Болашақ" əлеуметтік-экономикалық жобасы шеңберінде қолға алынбақ.  Тапсырылған макулатураның əр келісі үшін берілетін 5 теңге церебральды сәл ауруымен науқас балаларға көмек ретінде "Қасиетті Жол" қайырымдылық қорының есеп шотына аударылады.

"Макулатура жинаудан түскен табыс білім беру мекемелеріне спорттық инвентар, тұқым, тыңайтқыш сатып алуға жұмсалатын болады. Жобаның ең басты мақсаты келешек ұрпақты табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеп,  жауапкершілікке үйрету", - дейді "Эко Болашақ" жобасын дамыту жөніндегі директоры Стас Мельников.

Айта кету керек, ұйымдастырушылар аталған жоба ұлттық акцияға айналып, жыл сайын тұрақты түрде өтетініне сенім артуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе