Жоғары білім мектебінің түлектері елдің білім беру саясатымен айналысады

АСТАНА. 25  «Назарбаев Университеті» жанындағы Жоғары білім мектебі елдің білім беру саясатымен айналысатын мамандар даярлайтын болады,деп хабарлады «Назарбаев Университеті» Білім беру саясаты орталығының директоры Аида Сағынтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біздің бітіруші түлектеріміз оқуды аяқтаған соң өңірлерге оралып, еліміздің білім беру саясатымен айналыса алатын адамдар», - деді А.Сағынтаева.

Орталық директоры атап айтқандай, болашақ докторанттар мен магистранттар жұмыс тәжірибесі бар және білім беру саласындағы көкейкесті мәселелерді анық білетін болады.«Біз болашақ болашақ докторанттар мен магистранттар арасынан жұмыс тәжірибесі бар, қазіргі жүйеде бар көкейкесті мәселелерді анық білетін, және бұл мәселелерді шешу үшін бірнеше ондаған альтернативті шешімдерді ұсына алатын адамдарды көреміз», - деп атап өтті Аида Сағынтаева.

Сонымен қатар, «Назарбаев Университеті» талапкерлеріне қойылатын талаптарды Университет өзінің стратегиялық серіктестері - Кембридж университетімен және Пенсильвания университетімен бірлесіп әзірлемекші. Серіктес ЖОО академиялық бағдарламаларды жасауға да ат салысатын болады.Естеріңізге сала кетейік, «Назарбаев Университеті» жанындағы Жоғары білім мектебі 2013 жылдың қаңтар айында студенттерді қабылдай бастайды, және жоғары және орта білім беру саласында басқару мамандарын даярлауды іске асыратын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе