Түркістан облысы полицейлері оқушылармен кездесті

Ішкі істер органдары қызметінің танымалдығын көтеру мақсатында, сонымен қатар ІІО бөліністерін сапалы мамандармен толықтыруға байланысты Түркістан облысы полицейлері мектептерде көптеп кездесулер өткізуде, еп өңірлік ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолғы кездесу Полиция бөлімінің жанынан ашылған фронт-офисте ұйымдастырылды. Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Дарын» гимназиясының оқушылары халыққа қолайлы болу үшін жасалған жайлы кеңсеге келді. Аудандық полицейлер, оқушыларға ІІО-на қызметке орналасу үшін қандай оқу орнына түсу керектігін жіті түсіндіріп өтті. Іс-шараға Түлкібас АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Қ.Түймебаев, ЖПҚ БПТ аға инспекторы А.Байжанысова, мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Д.Оңалбеков, сондай-ақ мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында полицейлер, жастарға «ІІО қызметіне кандидаттарды қабылдау бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, болашақта полицей болу үшін бірінші кезекте шыдамдылық пен қайсарлық қажет екені түсіндірілді. Оған қоса, ІІО қызметкерлеріне бүгінгі таңда барлық жағдай жасалғандығы айтылды. Сондықтан ел мен жердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тыныштықты сақтауда белсенділік танытуға шақырды. Келелі кездесуде, полицейлер мен оқушылар арасында ашық сұхбат өрбіді. Болашақта полицей болғысы келетін оқушылардың сұрақтарына нақты жауап берілді. Тәртіп сақшылары қатарында жалынды жастарға қашанда орын табылатындығы атап өтілді. Бүгінгі күні жастар арасында орын алып жатқан қылмыстарды болдырмау, жолын кесу аясында, одан бөлек ІІО-на қызметке орналасудың талап-тәртіптерін түсіндіру мақсатында өткізілген осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе