«Ержан Тәтішев атындағы «Ержан» қоры білім гранттарын таратты

АСТАНА. 8 «Ержан» қоры қарапайым отбасылардан шыққан балаларға ең маңызды капитал - білім алу мүмкіндігін ұсына отырып, өз мақсатын жүзеге асыруды жалғастырады.Бұл ақпаратты аталған қордың баспасөз қызметі таратып отыр.

Биылғы жылы Қордың білім грантымен еліміздің оқу орындарында, соның ішінде ЖОО-лар мен колледждерде табысты білім алып шыққан 6 шәкірт марапатталды. Шәкіртақының төрт иегері «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқып, бір түлек «Фельдшерлік іс» мамандығын, ал екіншісі «Шығыстану» мамандығы бойынша білім алып шықты.

Марапаттау салтанатына Қордың білім бағдарламаларының түлектері, олардың ата-аналары, Қор құрылтайшылары - Ерлан Тәтішев пен Еркін Тәтішев, Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері, ЖОО мен колледждер ректорлары, «Бота» Қоры, «Құс жолы», «Бауыржан»,  Каунтерпарт, Орталық Азия Еуразия Қорыөкілдері, бизнес-серіктестер қатысты.

Өзінің алты жылдық қызметі ішінде «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» қоры өзінің бағдарламалық басымдықтарын белгілеп, балалардың кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін дамыту жұмысын жалғастырып келеді. Талантты әрі мақсатшыл жастарға қолдау көрсетуге бағытталған білім гранты бағдарламалары қор қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Білім бағдарламалары аясында 5 жылдық жұмысы ішінде 63 білім беру гранты бөлініп, олардың 27-сі аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастарға, 11 грант - балалар үйінің түлектеріне және 25 грант мүмкіндігі шектеулі жастарға берілген. Қазіргі уақытта Қор гранты есебінен 32 шәкіртақы иегері оқып жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе