Қазақстанның әскери оқу орындарына түсуге 1500-ден астам талапкер құжат тапсырды

Қазақстанның орта және арнаулы орта оқу орнын бітірген 1 564 түлек өздерінің Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері болу арманын жүзеге асыру үшін алғашқы қадамын жасады. Олардың ішінде 1 065 жас бірыңғай ұлттық тест тапсырып, 499-ы кешенді тестілеуге дайындалуда. Бір аптадан соң 50-ден және одан жоғары балл жинаған барлық жасөспірімдер өздері таңдаған еліміздің түрлі өңірлеріндегі әскери оқу орындарына жіберіледі.Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздегі әскери оқу орындардың курсанты атану үшін олар бес кезеңнен тұратын сынақтан сәтті өтуі тиіс. Бастапқыда - алдын-ала кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырудан, сонымен қоса медициналық куәландырудан, жас жауынгердің курсы және кәсіби-психологиялық іріктеуден, ал қорытындысында - факультеттер бойынша конкурстық іріктеуден өтеді.

Әр кезеңнен өту үшін бір ғана мүмкіндік беріледі. Елімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша үш жоғарғы әскери оқу орны әскери кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Атап айтсақ, Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инстиуты, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты.

Биыл қабылдау ережесі өзгерді. Енді талапкерлер мамандықты тестілеуден бөлек физика, география, химия, биология немесе дүниежүзілік тарихты таңдауы мүмкін. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу жеңілдетіліп, оларды қабылдау мерзімі өзгертілді. Жоғарғы әскери оқу орындары мен ҚР ҚМ Кадет корпусы - үстіміздегі жылдың 20 шілдесіне дейін, республикалық әскери мектептер - 15 тамызға дейін қабылдайды. Іріктелген үміткерлерді есепке алу 21 тамызға дейін жүргізіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе