Түркі академиясында түрік жазушысы Өмер Сейфеттинді еске алу шарасы өтті

– Бүгін, 6 наурызда Халықаралық Түркі академиясында Ю.Эмре атындағы түрік мәдени орталығы және Назарбаев Университеті қазақ тілі және түркітану кафедрасының қолдауымен көрнекті түрік жазушысы Өмер Сейфеттиннің өмірден озғанына 100 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті, деп twesco.org сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Түркі академиясы мен Ю.Эмре атындағы түрік мәдени орталығы ұйымдастыруымен өтетін алқалы жиынға Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия елшілігінің қызметкерлері, Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркология департаментінің доценті Фунда Гүвен, танымал ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, білім ордаларының қызметкерлері мен студенттері қатысты. Академия басшысы Ө. Сейфеттинді еске алу жылында түркі елдерінде атқарылатын іс-шаралар мен жарық көретін кітаптар туралы айтып берді. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркітану департаментінің доценті Фунда Гүвен «Заманауи түрік халқының ұлттық болмысының негіздері: Өмер Сейфеттин» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Бұдан кейін Ю. Эмре түрік мәдени орталығының студенттері Нағима Зор мен Айгерім Тален Ө.Сейфеттиннің «Қызыл шапан» әңгімесінен түрік және қазақ тілдерінде үзінді оқыды. Оларға көрнекті жазушыны еске алу шарасына белсенді қатысқаны үшін Академияның арнайы сертификаттары табыс етілді. Шара аясында Өмер Сейфеттин кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Айта кету керек, 30 қаңтарда Баку қаласында өткен Халықаралық Түркі академиясына мүше елдердің Білім және ғылым министрлерінің үшінші кеңесінде Түркі әлемі бойынша 2020 жылғы мерейлі даталар қатарына көрнекті түрік жазушысы Өмер Сейфеттиннің 100 жылдығы да енген еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе