Колледж студенттері үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша олимпиада өтеді

АСТАНА. 21 21-22 мамырда Алматыдағы Халықаралы ақпараттық технологиялар университетінің базасында колледждерде білім алушылар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша олимпиада өтеді.Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, олимпиаданың негізгі мақсаты - ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды студенттерді анықтау, олардың бағдарламалауға деген қызығушылығын дамыту, студенттердің кәсіби қызмет проблемаларына деген танымдық және ғылыми-зерттеушілік қызығушылықтарын арттыру, студенттік ғылыми қоғамдардың, үйірмелер мен факультативтердің жұмыстарын жандандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін, жасампаздық ой-өрісін дамыту.

Олимпиадаға еліміздің әр аймақтарынан I-ші турдың жеңімпаздары -колледж студенттері  қатысады.

Тәлімдік шараға қатысушылардың келесі бағыттар бойынша жобаларды орындауын қарастырады: «Экономика саласы, әлеуметтік сала, ғылым және білім салаларындағы АКТ инновациялар», «Мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес салаларындағы АКТ инновациялар», «Демалысқа арналған АКТ инновациялар», «Аппараттық-бағдарламалық инновациялар, сонымен қатар, роботты техникалық құрылғылар және бағдарламалау».

І, ІІ, ІІІ орын иеленген Олимпиаданың жеңімпаздары дипломдармен және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға арналған гранттармен марапатталады. Жобаларға қосымша жүлделік номинациялар белгіленген, олар дипломдармен және жеңілдіктермен марапатталады (Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға 25%-тік жеңілдік).

Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе