Атырау облысында бизнесмен туған қаласына бала бақша тарту етті

-  Атырау облысында бизнесмен  Мағауя Мерғалиев туған қаласы  Құлсарыға 165 орындық балабақша сыйлады. Мектепке дейінгі мекеме құрылысы мен жабдық сатып алуға 800 млн теңге жұмсалды.«Мен ерекше бірдеңе жасадым дей алмаймын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі осындай болуы тиіс. Осылайша, өз жерлестеріме  көмек қолын созам. Қазір басқа қалада тұрсам да, осы қала тұрғындарының көпшілігін әлі де жақсы танимын. Әрі бала кезімде анама берген уәдемді орындадым. Ол балабақшада жұмыс істеген. Бірде оған өскенде балабақша сыйлаймын деп уәде беріппін. Осы есімде қалыпты. Қазір анам жанымда болмаса да, айтқанымды орындадым. Тек сәл кешірек болғаны өкінішті», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе