СҚО-да жалпыреспубликалық ашық сабаққа 80 мыңға жуық оқушы қатысты

– Солтүстік Қазақстан облысының мектептері мен колледждерінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабағы» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтіп, оған 80 мыңға жуық оқушы қатысты, деп тілшісі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған бірыңғай сабақтың мақсаты - тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасын қалыптастыру мен дамытудағы Елбасының рөлін оқушыларға түсіндіру, олардың бойында қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. СҚО білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, төменгі сынып оқушылары ашық сабақта Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен танысты. Орта буын мен жоғары сынып оқушылары Елбасының еңбектері жайында білімдерін толықтырып, Тұңғыш Президенттің экономиканы, халықаралық қатынастарды, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда қолға алған бастамаларымен танысты, атқарған жұмыстары жайында мол мағлұмат алды. Бұл күні балаларға мұғалімдер емес, өңірге танымал адамдар, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, депутаттар, ғалымдар, саясаттанушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері сабақ берді. Ашық сабаққа облыс мектептерінің 71 мың, колледждердің 9 мың оқушысы қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе