Үкімет техникалық-кәсіптік білім саласына бөлінетін мемлекеттік тапсырысты арттырады

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі техникалқ-кәсіптік білім беретін колледждерді реформалаудың жолдарын атады, деп тілшісі.«Техникалық-кәсіптік білімді ары қарай дамыту керек. «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартып жатырмыз. Тегін техникалық білім беру бағдарламасымен жыл сайын 100 мың студент қамтылады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар жеке назарды қажет етеді. Үкімет техникалық-кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау үшін (аталған санаттағы жастар үшін де) мемлекеттік тапсырысты арттыру мәселесін жетілдіруі керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Мемлекет басшысы сонымен қатар техникалық-кәсіптік білім беретін колледждерде академиялық еріктілікті енгізу, несиелік жүйеге көшу, жас басына есептеп қаржыландыру – маңызды реформаларға айналуы керектігін мәлім етті. «Біздің кәсіптік бағдар еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жыл ішіндегі қажеттілікті ескеруі керек. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі «Жаңа мамандықтар мен құзіреттердің атласын» енгізуі тиіс», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе