Ислам елдері инженерлік институттар федерациясының алқалы жиындарының бірі келешекте Ресейде өтуі мүмкін

АЛМАТЫ. 2 Ресейде де мұсылмандар өте көп. Сондықтан келешекте Ислам елдері инженерлік институттар федерациясының кезекті басқосуларының  бірі сонда өтетініне сенімім мол.Оны Малайзия инжиниринг және технология қоғамының президенті Абдуллах Абанг Мохамад Алли бүгін  кеше Алматыда  өтіп жатқан "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыптағы   V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжиниринг және технологиялар конгресінде айтты.

«Ислам елдерінде көптеген жылдар бойы түрлі мәселелер жинақталды. Оның ішінде ең алдымен білім беру мен инжинирингке көп назар аударылды. Сондықтан инженерлік білім берудің жаңа моделі жобасы бастамасын көтердік. Оны Ислам банкі мақұлдады. Біз осы жобаны кеңейту арқылы білім берудегі жаңа әдістерді дамыта аламыз», - дейді Абдуллах Абанг Мохамад Алли. Оның айтуынша, ислам елдері мұндай кездесулер арқылы тәжірибе алмасып, бір-бірінен көп нәрсені үйрене алады. Алла ислам елдеріне мол байлық берді.  Табиғат байлықтары көп болғанмен олар сарқылатын ресурс. Оны  тиімді пайдалануды жетілдіруге айрықша көңіл бөлу қажет.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе