Павлодарда «Дипломмен - ауылға!» акциясы өтті

ПАВЛОДАР. 16 Кеше Павлодарда 3 жоғары оқу орнының түлектері болашақ мұғалімдер үшін «Дипломмен - ауылға!» акциясы өтті.Облыс аудандарының мамандары өздерінің өңірлері жайлы таныстырылым-көрмесін өткізіп, дипломы бар жастар үшін жасалып жатқан жағдайлар мен ауылдардың даму болашағы туралы айтты.

«Осы жылы ауыл мектептеріне павлодарлық жоғары оқу орнының 487 түлегі жіберіледі. Олардың барлығына айтарлықтай жеңілдіктер көрсетіледі. Атап айтқанда, айлық ақыларына қосылатын 25 пайыздық үстеме, 70 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көтермелеу сыйақысы және оған жергілікті бюджет есебінен баспана алуға пайызсыз 100 мыңнан 500 мыңға дейінгі несие қосылады», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова.

«Дипломмен- ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылған үш жылдың ішінде облыстың аудандарына 1 759 түлек көшіп барды, олардың 70 пайызы - мұғалімдер.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе