Степногорск əкімі бірінші сыныпқа баратын 25 балаға сый жасады

Степногорск қаласының əкімі Әнуар Күмпекеев «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 25 балаға мектепке қажетті оқу-құралдары толтырылған сөмкелерді тапсырды, деп тілшісі.Осымен оныншы рет ұйымдастырылып отырған шараға қатысқан Ә.Күмпекеев биыл алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар мен олардың ата-аналарына келешек ұрпақ жастардың білімді болуы үшін елімізде білім беру саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ балалар мен ата-аналарына сәттілік тілеп, бірге естелік суретке түсті. 

Шарада балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері сомдалған театрландырылған қойылым көрсетілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе