Астанада 3500 орындық үш мектептің құрылысы биыл аяқталады

АСТАНА. 29 2013 жылы Астанада ің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайты елордалық Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлады.«Елордада 3500 орындық үш мектептің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған, атап айтқанда, Железнодорожный кентіндегі 1100 орындық мектеп, №19 көшенің бойындағы 1200 орындық және «Батығай» тұрғын үй кешенінде жобаланған 1200 орындық мектептер»,-делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, биыл 6 мың орындық жаңа 5 мектептің құрылысы басталды. Мектептердің бірі № 41 көше мен Мирзоян көшесінің қиылысында, екіншісі - №50 көше мен Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан. Тағы да бір жаңа мектеп Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Сарайшық көшесімен қиылыста орын тебеді. Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің кварталында, сондай-ақ, Орынбор, Еңбекшілер және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында да білім ордалары салынады.

Жалпы, Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда қаладағы 82 мектеп нысанында 86 663 бала білім алады. Соның ішінде, 70 мектеп мемлекеттің меншігінде, 12 - жеке меншікті мектеп. Астанада мемлекеттік тілде білім беретін 24 мектепте 29 мың 523 бала оқиды. Орыс тілінде оқытатын 10 мектепте 9 067 оқушы білім алса, 36 аралас мектепте 44 978 оқушы бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе