Қазіргі 1-сынып оқушылары 2050 жылы Қазақстан экономикасының барлық салаларында жұмыс істейтін болады - Елбасы (ФОТО)

Қытайдағы  «Дяоюйтай»  мемлекеттік резиденциясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық оқушылар мен олардың ата-аналарына құттықтауын жолдады.«Бүгін 1 қыркүйек - білім күні. Барлық оқушыларды, студенттерді және олардың ата-аналарын бүгінгі күнмен құттықтаймын. Бүгін біздің  2 миллион 600 мың баламыз оқитын 7,5 мың мектеп есігін айқара ашты. Қызықтысы, биыл 300 мың бала бірінші сыныпқа қадам басты. Осыншама баланың бір жылы мектеп табалдырығын аттауы алғаш рет болып отыр», - деді Мемлекет басшысы қазақстандық журналистердің сауалына жауап беріп. 

Н.Назарбаев осы жылдары Қазақстанда мектептер мен балабақшалар қарқынды түрде салынғанын еске салды. «Олар - ел болашағы. Бүгін бірінші сыныпқа барғандар 2050 жылы Қазақстан экономикасының барлық салаларында жұмыс істейтін болады, жетекшілік ететін болады. Біздің қалай білім беретінімізге, нені үйрететінімізге байланысты болады. Біздің мектептеріміздің, зияткерлік мектептеріміздің, жаңа университеттің сапасы - мұның барлығы балалар мен ата-аналарын оларды оқытуға ынталандырады. Ата-аналары балаларына не бере алады? Өз махаббаты мен үлкен өмірде қажетті болатын білім береді!» - деді Н.Назарбаев.

«Қазақстандық ата-аналар балаларын оқыту үшін ештеңе аямайтынын білемін. Бұл дұрыс. Барлығын білім күнімен құттықтаймын, әр бірінші сынып оқушысына биыл Отанымыз - Қазақстан туралы кітап сыйладым. Әрбірі менен кітап сыйлыққа алады. Олар бұған қуанады деп ойлаймын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе