Қазіргі таңда «дәрігер - науқас» моделінен біртіндеп «дәрігер - сау адам» моделіне көшу мәселесі өзекті болып тұр - профессор А. Қаракүшікова

АЛМАТЫ. 10 /Ерлік Ержанұлы/ - Дәрігерге ауырып, саулығына нұқсан келтірген адам емес, денсаулығын профилактикалық мақсатта тексертуге келген сау адам қаралуы керек.Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Ғылыми жұмыстар және инновациялық жобалар жөніндегі проректоры, Б.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Айгүл тілішісіне берген сұхбатында айтты.

Салауатты өмір салты - тұрғындардың өмір сұру жасын ұзартуға ғана емес, әрбір адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға көмектесетін бірден-бір фактор. Қазіргі таңда «дәрігер - науқас» моделінен біртіндеп «дәрігер - сау адам» моделіне көшу мәселесі өзекті болып тұр. Бұған жалпы халықтың сана-сезімін біртіндеп осыған аудару үшін біраз тер төгу қажет. Дегенмен де, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында халықтың денсаулығына қатысты көтеріп отырған мәселелері бүгінгі заман талаптарынан туып отыр.

    « Ғылыми-зерттеу мәселелері бүгінгі инновациялық жаңалықтарсыз еш алға жылжымайтыны дау тудырмайды. Тіпті, ғылым ғана емес, қарапайым дәрігердің өзі қазіргі таңда бәсекеге қабілетті болу үшін небір медициналық аппараттармен жұмыс істей білуі керек. Сондықтан Елбасының Жолдауындағы инновацияға қатысты қойған міндеттері қоғамды тағы бір жаңа сатыға көтеретіні сөзсіз», - дейді   А. Қаракүшікова. Медицина қызметкерлерін даярлау ісінде жұмыс жасап жүргеніне 30 жылға жуықтап қалған білікті маманның пайымдауынша, ең алдымен жастар мәселесіне, соның ішінде білім беру және жастарды ғылымға тарту ісіне баса назар аудару керек.   Бүгінгі заман талабы қатаң. Соған сәйкес біздің еліміздегі білім беру ісі де шетелдің озық үлгілерін назарға алып, білім беру жүйесін оңтайландыруға бет бұруда. Ғылымға жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл мәселені Елбасы өткен жылғы Жолдауында да ерекше аталып өткен болатын. Биыл да білім мен ғылым саласы елдің ертеңін айқындар, болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды салалардың көш басында тұрғаны қуантады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе