Қостанай облысында 2015 жылы балабақшаларда 1 мың орын ашу жұмысы жандандырылады

Қостанайда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.Қостанай облысы білім басқармасының бастығы Әлия Төртқараева соңғы 4 жылда «Балапан» бағдарламасы ауқымында облыста 8 мың 255 жаңа орын ашылғанын атап өтті. Бұл жаңадан 59 бала бақша мен 12 шағын орталықтарды ашу, 67 мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту, 44 шағын орталықты толық жұмыс күніне көшірудің арқасында мүмкін болды.

 «Мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатында жеке мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті Ә. Төртқараева. - Айталық, соңғы төрт жылда 1124 орындық 17 жеке балабақша ашылды, 2 125 орындық шағын орталық және 799 орындық жұмыс істеп тұрған жеке балабақшалар кеңейтілді. Сөйтіп, бүгінде 167 балабақша және 470 шағын орталық жұмыс істеуде».   Сонымен қатар облыстық білім басқармасының бастығы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 90,6 пайызды құрағанын атап өтті, ал республикалық көрсеткіш - 52,3%. Дегенмен балабақшаларда орын жетіспеушілігі проблемасы әлі де өзекті болып қалып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Қостанай облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру жөнінде 21  мың 625  өтініш тіркелген. Сондықтан да облыста 2015 жылы 1 мың 13 жаңа орындар ашу жұмыстары жандандырыла түспек.

ҚР білім және ғылым министрлігімен жасалған меморандумға сәйкес Қостанайдағы Қайырбеков көшесінде 280 орындық балабақша құрылысы басталды, - деді Ә. Төртқараева. - 2015 жылы Лисаковск қаласында 280 орындық балабақша құрылысы басталады. 2017 жылы Арқалық және Қостанай қалаларында әрқайсысы 280 орындық екі балабақша құрылысы жоспарланып отыр».
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе